Сəлəфиттер жайында...
Сəлəфит бағытындағылар дегенде бірінші ойға келетіні - сақал мен балақ, намаз оқымағанды кəпір деу. Дегенмен одан бөлек басқа да ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктердің екі-үшеуін айта кетейін:
1. Білгішсіну.
Құранды дұрыс оқи алмайды, бірақ өзін дін ғылымын ішіп тастаған адамдарша көрсетуге тырысады. Айтып жатқан нəрсесін өзі дұрыстап түсінбеген. Оған қарамастан сізге пікірлерін тықпаштап "Алляма" (ғұлама) болып отырады...
2. Сəлəфиттерде байқалған екінші сипат - Түймедейді түйедей етіп, өзін "СУПЕР ТАҚУА" ретінде көрсеткісі келеді. Мысалы: "Ты что брат, так же нельзя? ССУБХАНАЛЛАХ. Это же грех, Аллаху акбар. Ты что, одумайся брат" деп өзіңді жынды қылып қояды. Іштей: Ойбай, мен не істеп қойдым" дейсің таңданып :). Соңында: " Вот прочитай эту статью до конца. Поймеш" деп "НЕ ПО ТЕМЕ" бір орысша ұзыннан-ұзақ мақаланы көшіріп жібереді.
Бірақ сол супер тақуа болып отырған жігіттің біраз тамырын бассаң, өзінің шынайы бет пердесін ашып, соңында боқтап шығады :)...
P.S.: Бекер обал не керек, олардың да оқыған-тоқығандары бар шығар. Олар талас-тартысқа түсе бермесе керек. Араларында түсінуге тырысатындары да табылады деген ойдамын.
3. Сəлəфилер Мəтуриди мен Əшғари ақидасындағыларды зындықтар деп есептеп, біздің дүние-мүлкімізді тəркілеуді, талаң-таражға салуды халал санайды.
Саудиядағы ғалымдарын білмедім, бірақ біздегі сəлəфиттердің арасында сондай түсініктегілері бар. Сонау 19 ғасырдың аяқ жағында, 20 ғасырдың бас жағында уаһһабия бүлігі Осман империясына қарсы қолданылып, ағылшындардың қолдауымен Мекке мен Медине қалаларын басып алғандықтары белгілі. Сол кезде олар жергілікті мұсылмандардың дүние-мүліктерін талаң-таражға салып, біршамасын шейіт еткендіктері кітаптарда айтылады. Сондағы айтылған мəліметтердің жаны бар екен.
Негізінде сахих хадисте "Мұсылманның өзге мұсылманға малы, жаны жəне ары харам" делінеді, яғни, мұсылманның "қол сұғылмаушылық" құқы бар. Бірақ уаһабистер бұл хадиске назар аудармайтын сияқты ғой.
(Сəлəфимен хат алмасқаннан кейін туған ой)
Абдусамат Қасым парақшасынан